Енді бізді App store мен Google Play-ден SADAQA APP деп іздеп таба аласыз. Біз атауымызды да, қосымша ішіндегі бірнеше құрылымды да жаңадан өзгерттік.
- тек садақа беріп қана қоймай, берген садақаңызға жетістік жинай аласыз;
- қосымшадағы дайын шаблонды пайдаланып, әлеуметтік желілерде садақа туралы бөлісе аласыз;
- жаңа интерфейс қолдануға да ыңғайлы.
Sadaqa.App - жақсылық жасауға ниеттенген адамдардың бірлестігі.
Біздің жобаның негізгі мақсаты - қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін дамыту, адамдардың бір-біріне көмектесуге деген ниетін арттыру. Әрі қарай тек бір қор емес, бірнеше қорлармен келісімге отыру да жоспарымызда бар. Сіз қосымшадан өзіңіз қалаған қорды таңдай аласыз. Ал қазіргі негізгі қор Нұр Мүбәрак университетінің жаңа ғимаратына жұмсалмақ. Бұл ғимаратқа сіз күн сайын тұрақты 100 теңгемен айына небәрі 3000 теңге ғана садақа беріп, тұрғызылуына өз үлесіңізді қоса аласыз.